Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 8 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 2021 жылдың қараша айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 175 000 теңге.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 4,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 4 пәтер, ең үлкен аумағы - 35,02 ш.м.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 20.01.2022 ж. бастап 10.02.2022 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 11.02.2022 жыл
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады, «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.