Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО-да орналасқан 12 қабатты тұрғын үйлер» №3 учаске (сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз)», объект коды 2093.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: Аяқталған.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 1 пәтер,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең үлкен аумағы 88.59 ш.м.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 23.01.2023 ж.
Брондау мерзімі: 23.01.2023 сағат 10-00 бастап 19-00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер банк салымшыларынан және ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!