Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО-дағы жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені. (Түркістан қаласы, Жаңа қала 11 көшесі, №18 үй, Түркістан қаласы, Жаңа қала 11 көшесі, №18/1 үй, Түркістан қаласы, Жаңа қала 11 көшесі, №18/2 үй )», код объекта 1741.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: Аяқталған.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 21.02.2022 ж.
Брондау мерзімі: 21.02.2022 сағат 10-00 бастап 23-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер банк салымшыларынан және ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!