Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "ЖАО әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді іске асыру" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Шымкент қаласы, ӘІО, Арғынбеков көшесі 9 қабатты №1,№2,№3 тұрғын үйлер салу», Шымкент қаласы, ӘІО, Арғынбеков көшесі 9 қабатты №1,№2,№3 үйлер мекенжайы бойынша орналасқан, код №2497.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.09.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.
Пәтер саны: 42,
Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі 42- пәтер, ең үлкен аумағы 49.35 ш.м.,
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 13.02.2023 ж. бастап 26.02.2023 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 27.02.2023 жыл.
Іріктеу (кредит төлеу қабілетін бағалау) мерзімі: 06.03.2023ж. бастап 01.04.2023ж. дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 06.03.2023 ж. бастап 06.04.2023 ж. дейін.
Тұрғын үйлерді бөлу күні: 07.04.2023 ж.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушіде таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде, "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін қарыз сомасының кемінде 10% – ы қарыз беру мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!