Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру

3 апреля 2023

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы,"Тұран" шағын ауданы 9 қабатты 32,№33,№34 тұрғын үйлер салу» Қаратау ауданы, "Тұран" шағын ауданымекенжайы бойынша орналасқан, код №1769.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: қазан 2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 180 000 теңге.

Пәтер саны: 9,

Пәтер түрі 1: 1-бөлмелі 9- пәтер, ең үлкен аумағы 32,98 ш.м.,

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 17.04.2023 ж. бастап 11.05.2023 ж. дейін.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 12.05.2023 жыл.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру