Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

24 ноября 2023

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: "Достық" шағын ауданында 9 қабатты 5 кіреберісті белгі №23 тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Павлодар қаласы, "Достық" шағын ауданы.

Құрылыстың аяқталуының жоспарланған мерзімі: 30.06.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 160 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Тұрғын үй бірлігінің саны: 25 (бөлінетін пәтерлер саны),

Пәтер түрі 1: 8 пәтер, максималды көлемі 38,86 ш.м.

Пәтер түрі 2: 10 пәтер, максималды көлемі 62,77 ш.м.

Пәтер түрі 3: 7 пәтер, максималды көлемі 80,78 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына пулды қалыптастырусыз қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 28.11.2023ж. бастап 04.12.2023ж. дейін.

Брондау мерзімі 28.11.2023ж. 10:00 сағ. бастап 04.12.2023 ж. 23:00 сағ. дейін

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 2022 жылғы негізгі тізімнің басымдығын ескере отырып, Банк салымшыларынан өтініштер қабылданады:

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 100 000 теңге жинағы болуы тиіс.

Үміткерлер тізімі тікелей сатуға қатысатын салым бойынша есептелген сыйақы сомасына қарай қалыптастырылады (жинақ шотындағы есептелген сыйақы сомасы неғұрлым жоғары болса, ғимараттағы берілген пәтерді таңдау басымдығы соғұрлым жоғары болады).

Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жайғасымын Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді баспана" бөлімінде танысуға және көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру