Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көпфункционалды тұрғын үй кешені, 1200 орындық мектеп, балабақша Алматы ауданы, Нұр-Сұлтан мекен-жайында, A129, A105, A130, A108, A102 (жоба атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан. Квартал-1(Нүкте-12, 13, 14, 15, 16,22). Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А129, А105, А130, А108, А102 көшелері мекенжайында орналасқан. Нысан коды 1743.
Үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: «таза» әрлеудегі 220 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 15.02.2022 ж. бастап 22.02.2022 ж. дейін.
Брондау мерзімі 15.02.2022 10-00 бастап 22.02.2022 жылға сағат 23-00-ге дейін.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер жергілікті әкімдік кезегінде тұрған жандардан және «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі категориялармен үй кезегінде тұрған Банк салымшыларынан қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Берілген өтінімдерді тарату бөлу/тікелей сату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үй макетін қарап, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!