Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз сату туралы хабарландыру!
Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды.
Нысан: «Қызылорда қаласы,Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан, 40 пәтерлік №38 көппәтерлі тұрғын үйлердегі», Қазақстан,Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,Сол Жағалау шағын ауданы №38 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-1662.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 01.08.2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 1
Пәтер түрі :
-1 пәтер (үш бөлмелі), ең үлкен ауданы - 66,78 ш. м.
Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 11 қаңтары.
Пәтерлерді брондау мерзімі: сағат 10:00 ден 19:00-ге дейін.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтініштер тек ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттарынан да қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Оtbasybank.kz интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.