Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға қосымша конурсқа өтініш қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру
Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 40 пәтерлік №1 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды-2394.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 05.05.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 33
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 18 пәтер, ең үлкен аумағы 58,1 ш.м;
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 15 пәтер, ең үлкен аумағы 67,76 ш.м.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 17 сәуірінен бастап 2023 жылдың 02 мамырына (қоса алғанда) дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 03 мамыр 2023 ж.
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер тек ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.
Несие мөлшерлемесі – 5% -ға дейін
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2% дан бастап.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.