Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: "Алматы облысы Талдықорған қаласы Бірлік шағын аудандағы 137 пәтерлік тұрғын үй ", Алматы облысы, Талдықорған қ., ш. а. Бірлік, д.9. мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 28 ақпан 2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық класы: 4,
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2022 ж. 18 сәуірінен бастап 12 мамырына дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 13 мамыр 2022 жыл.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы сатылуына дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында 500 000 теңге белгіленген сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға және көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!