Құрметті, салымшы!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) «Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату» бағыты бойынша қатысуға арналған қосымша конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 40 пәтерлік №11 көппәтерлі тұрғын үй, нысан коды-2258.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 15.12.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 2
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 2 пәтер, ең үлкен аумағы 67,62 ш.м;
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 07 тамызға (қоса алғанда) дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 08 тамыз 2023 ж.
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да, сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағыты бойынша кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде, сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 10% тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!