Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төменде көрсетілген нысан бойынша төлемқабілеттілікті растау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды:
Нысан: «Е16, Е32, Е45, Е24 көшелерінің қиылысындағы ауданда кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешені», орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Шапық Шөкин көшесі, 1 үй, нысанның коды: 7089
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі: 11.03.2026 дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 16.03.2026ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 17.03.2026ж.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Төлемқабілеттілікті растау мерзімі өткеннен кейін Банк құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!