Баспасөз мәлімдемесі
Жалға алынатын тұрғын үй төлемін субсидиялау бағдарламасына қатысатындардың жеке тізімі қалыптастырылмайды. Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған барлық қазақстандықтар өтініш бере алады:
Субсидия алуға үміткер otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) тіркелуі қажет. Оны электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен жасауға болады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексерлері керек.
Порталда тіркелгеннен кейін субсидия алуға өтініш беруші оған төлемдер тағайындалуы үшін стандартты өтініштерді толтырып, өзіне қолайлы пәтер немесе үй табады. Жалға алу келісімшарты порталда үлгі нысаны бойынша автоматты режимде рәсімделеді. Оған сондай-ақ платформада субсидия алуға өтініш беруші (жалға алушы) мен баспананы жалға беруші қол қояды.
- Жеке куәлік, неке немесе некені бұзу туралы куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері, тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтамалар, тіркеу және кіріс туралы мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік органдардың деректер базасымен бірігуі арқылы дербес тексереді. Субсидия алуға өтініш беруші туралы барлық деректерді тексергеннен кейін біз шот ашуға көмектесеміз. Өтініш беруші оған жалдау құнының жартысын аударуы керек. Содан кейін Отбасы банк қалған 50 пайызын қосып, жалпы соманың 100 пайызын жалға берушінің шотына аударамыз, - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жалдамалы баспананы отбасылар өздері іздейтін болады. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторды ескеру қажет. Олар Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген. Құжатқа сәйкес, жалға алынатын тұрғын үйдің 1 ш.м. құны АЕК-тің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады.
Сондай-ақ Ережелерде жалдамалы үйдің немесе пәтер аумағының ең жоғарғы көлемі анықталған. 1-3 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 40 шаршы метрден, 4-5 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 60 шаршы метрден, ал саны 6 және одан да көп отбасы мүшелері үшін тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Егер тұрғын үй ауданы кеңірек болса, онда жалға алушы айырмашылықты өз есебінен төлейді.
Мысалы, Алматы қаласының тұрғындары үшін 1 ш.м. құны 2 759 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 110 000 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады.
Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша ай сайын төлейтін болады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.
Отбасы Банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексеретiн болады.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.
Еске сала кетейік, отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауы тиіс.
Аймақ
Коэффи-
циент
1 ш.м. арналған төлем мөлшері
3 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін
5 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін
6 және одан көп отбасы мүшелері үшін
Нур-султан қ.
1,11
2 759
110 378
165 568
220 757
Алматы қ.
Шымкент қ.
1,43
2 142
85 678
128 518
171 357
Ақмола облысы
1,95
1 571
62 831
94 246
125 662
Ақтөбе облысы
1,75
1 750
70 011
105 017
140 023
Алматы облысы
1,61
1 902
76 099
114 149
152 199
Атырау облысы
1,41
2 172
86 894
130 340
173 787
ШҚО
1,78
1 721
68 831
103 247
137 663
Жамбыл облысы
2,24
1 367
54 696
82 045
109 393
БҚО
1,82
1 683
67 319
100 978
134 637
Қарағанды облысы
1,52
2 015
80 605
120 908
161 211
Қостанай облысы
1,99
1 539
61 568
92 352
123 136
Қызылорда облысы
2,14
1 431
57 252
85 879
114 505
Маңғыстау облысы
1,3
2 356
141 369
188 492
Павлодар облысы
1,55
1 976
79 045
118 568
158 090
СҚО
1,92
1 595
63 813
95 719
127 625
Түркістан облысы
1,33
2 303
92 120
138 181
184 241
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!