Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

11 маусым 2024

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қолма-қол немесе электрондық мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:

«Отбасы банк» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • "Қоғамдық кеңестер туралы" Үлгілік ереженің 2-тарауы 1-параграфының 4-тармағына (бұдан әрі-Үлгілік ереже) сәйкес "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген үлгілі ережедегі 1 қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
  • Кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
  • кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.

Бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Үлгілі ережедегі 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылаушы ретінде қатысу үшін өтініш.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 11 маусымнан 16 маусымға дейін.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген кандидатуралардың құжаттары t[email protected] email арқылы қабылданады. Хат тақырыбында «Қоғамдық кеңесті қалыптасыру үшін жұмыс тобының мүшесі» немесе «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына бақылаушы» деп көрсетуді сұраймыз.

Пошталық мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 91

Байланыс телефоны: +7 (727) 279 35 11 (қос. 00521)

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру