Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «2%-дан аспайтын / 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру» бағытына қатысуға өтініштердің қабылданатыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Тараз қаласындағы Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алабында он алты 5 қабатты тұрғын үй салу. 3 учаске, 9 дақ", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Шапағат шағын ауданы, 9 үй, нысанның коды: 5935.
Нысанды пайдалануға беру күні: 15 қазан 2024 жыл.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 226 110 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтерлер саны: 45 (қырық бес),
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 43,6 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 62 ш. м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 69,5 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 5 пәтер, максималды ауданы 83,7 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 93,9 ш. м.,
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы 106,6 ш. м.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 07 қарашадан бастап 2025 жылдың 17 қарашаға дейін (қоса алғанда).
Қатысушыларды іріктеу күні: 2025 жылдың 19 қарашаға дейін.
Қатысушыларды іріктеу олардың тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қойылған күні бойынша жүзеге асырылады. Кезекке қойылған күні сәйкес келген кезде - Otbasybank.kz арқылы қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша іріктеледі.
Тұрғын үйді бөлу кезінде нысандағы тұрғын үйдің жалпы санының 70% мөлшеріне азаматтардың мынадай санаттары бірінші кезектегі құқыққа ие:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
4) I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
8) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Бұл ретте нысандағы тұрғын үйдің жалпы санының 20%-ы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында тұрған адамдарға бөлінеді.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініштер қабылданған кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік заем шарттарын рәсімдеу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Пулға қатысу туралы өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.
Өтініштер бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй заемдарын беру өтініш берушінің жинақ шотында заем сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!