Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру шеңберінде «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары» бойынша өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру шеңберінде «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары» бойынша өтініштер қабылдау туралы хабарландыру

23 қазан 2025

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру аясында «Ерекше төмен пайыздық мөлшерлемемен (2%/5% жылдық) жеңілдетілген алдын ала немесе аралық тұрғын үй несиелерін беру» бағытында өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Нысан: «Сатпаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 15/1 үй» көппәтерлі тұрғын үйі, мекенжайы: Ұлытау облысы, Сатпаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 15/1

Нысанды пайдалануға беру күні: 30.12.2024 жыл.

1 шаршы метр тұрғын үй құны: 255 270 теңге (таза қаптауымен).

Комфорттық класс: орташа.

Пәтер саны: 56

Пәтер типі 1: 25 пәтер, максималды алаңы 45,80 м²

Пәтер типі 2: 24 пәтер, максималды алаңы 55,50 м²

Пәтер типі 3: 7 пәтер, максималды алаңы 63,20 м²

Өтініштер қабылдау мерзімі: 24.10.2025 бастап 04.11.2025 дейін.

Қатысушыларды іріктеу күні: 10.11.2025 дейін.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есепке алыну күніне сәйкес жүргізіледі. Егер есепке алыну күні бірдей болса – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталына өтініш берілген күн мен уақытқа қарай іріктеу жүргізіледі.

Несиені алу үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақтарында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% сомасында жинақтары болуы қажет.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимараттың фасадтары мен тұрғын үй жоспарлауларымен танысуға болады Банктың интернет-ресурсында: otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz сайттарының «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Қоңырау орталығына 300 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз (мобильді телефоннан тегін).

Тұрғын үй бөлуде нысан бойынша жалпы пәтер санының 70%-ы келесі азаматтарға басым құқық беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • Басқа мемлекеттердегі соғыс әрекеттерінің ардагерлері;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Жесірлер (жесірлер мен жалғызбасты әкелер);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған немесе «Ана даңқы» атағын алған көпбалалы аналар және I, II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы отбасылар;
  • Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Сонымен бірге нысан бойынша жалпы тұрғын үйдің 20%-ы «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына кіретін азаматтарға бөлінеді.

Маңызды! «I және II топтағы мүгедектер» санатындағы, сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың өтініштері бойынша тұрғын үй несиелері шарттарын жасау мүмкін емес (тек толық сатып алу жағдайында рұқсат етіледі) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 159-бабына сәйкес.

Пулға қатысуға өтініш Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беріледі.

Өтініштер тек Банктің тұрғын үйге мұқтаждар біріккен республикалық электрондық базасында немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында есепте тұрған салымшылардан қабылданады.

Несие беру өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақтарында несиенің кемінде 10% сомасында жинақтары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимараттың фасадтары мен тұрғын үй жоспарларымен otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында танысуға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша Банктің Қоңырау орталығына 300 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз (мобильді телефоннан тегін).

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру