Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

5 қараша 2025

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2%/5%-дан аспайтын жеңілдетілген алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру бағыты бойынша қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Нысан: «Көпқабатты тұрғын үй», мекенжайы: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Шаталюк көшесі, 28 үй.
Нысанды пайдалануға беру күні: 2024 жылғы 30 желтоқсан.
Тұрғын үйдің 1 ш.м құны: 255 270 теңге (таза әрлеуде).
Жайлылық класы: орташа.
Пәтер саны: 30.

Пәтер түрлері:

  • 1-тип: 10 пәтер, ең үлкен ауданы – 50,60 ш.м
  • 2-тип: 10 пәтер, ең үлкен ауданы – 66,30 ш.м
  • 3-тип: 5 пәтер, ең үлкен ауданы – 96,90 ш.м
  • 4-тип: 5 пәтер, ең үлкен ауданы – 112,00 ш.м

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 24.10.2025 бастап 10.11.2025 дейін.

Қатысушыларды іріктеу күні: 11.11.2025 дейін.

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні бойынша жүргізіледі. Егер есепке қою күні бірдей болса – Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында өтінішті беру күні мен уақытына байланысты іріктеу жүргізіледі.

Қарыз беру тек таңдаған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ын құрайтын жинақ шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда мүмкін болады.

Қатысушыларға қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің жоспарлануымен otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kzсайттарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің байланыс орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Тұрғын үйді бөлу кезінде келесі азаматтар санаттарына жалпы тұрғын үй санының 70%-ы көлемінде басым құқық беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер;
  • Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • Жесірлер (жесір күйеулер);
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;
  • Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Сонымен қатар, тұрғын үйдің 20%-ы «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұлғаларға беріледі.

Маңызды! Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған I және II топтағы мүгедектер санатындағы салымшылардан өтініш қабылданған жағдайда, банктік қарыз шартын жасау мүмкін емес (толық сатып алу жағдайын қоспағанда) – бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 159-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Өтінішті Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.

Өтініштер тек Банктің салымшыларынан және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұлғалардан қабылданады.

Қарыз беру тек салымшының жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ын құрайтын тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда мүмкін.

Қатысушыларға қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимараттың қасбеттерінің фотоларымен және тұрғын үйдің жоспарлануымен Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан танысуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру