Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй» нысан коды 6972 орналасқан мекенжайы Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Жамбыл көшесі, үй 141.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 180 000 (жүз сексен мың) теңге.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2026 жылдың 04 наурыздан 10 наурызға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2026 жылдың 04 наурыздан 12 наурызға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 13 наурыз 2026 жылы.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!