Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Іріктеудің басталғаны туралы хабарлама

Іріктеудің басталғаны туралы хабарлама

20 қараша 2025

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде төлемқабілеттілікті растау қажеттігі туралы хабарлайды.

Нысан "Сол жағалау, 84 пәтерлі №1, 5, 6 тұрғын үйлер", орналасқан мекенжайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау шағын ауданы, 5 квартал № 1, 5, 6 үйлер, нысанның коды: № 6127

Үміткерлерді іріктеу күні: 13.11.2025 ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде: 222 800 (Екі жүз жиырма екі мың сегізжүз ) теңге.

Пәтер саны: 18

2 бөлмелі - 12 пәтер, ауданы 59,31 ш.м., құны 13 214 268 теңгеге дейін.

3 бөлмелі – 6 пәтер, ауданы 79,27 ш.м., құны 17 661 356 теңгеге дейін.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2025 жылдың 19 қарашадан 01 желтоқсанға дейін

Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2025 жылдың 19 қарашадан 04 желтоқсанға дейін

Тұрғын үйді бөлу күні: 2025 жылдың 05 желтоқсаны

Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, төлемқабілеттілікті растауға қажетті құжаттар тізімімен, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Біліктілік мерзімі аяқталғаннан кейін Банк Біліктілікке құжаттарды қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру