Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін 05 мамыр 2022 жылға (қоса алғанда) дейін ұзарту туралы хабарлайды.
Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 9 жер телім, 3 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 2140».
Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 06 мамыр 2022 жыл.
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2019 жылдың желтоқсан айында.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ.
Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!