Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 5%-дан аспайтын аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Нысан: "45-пәтерлі тұғын үй Қосшы қаласы", нысан коды 4957, мекен-жайы бойынша орналасқан:
Ақмол облысы, Қосшы қаласы, Алтын дала шағын ауданы, № 7 үй.
Нысанды пайдалануға беру күні: 31.05.2024 жыл.
"таза" әрлеуде, 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 180 000 теңге.
Тұрғын үйлердің барлық түрлері бойынша пәтерлердің саны: 24 (жиырма төрт) пәтер, оның ішіндегі:
1 бөлмелі - 12 пәтер, ауданы 33,7-36,1 ш. м., құны 6 498 000 теңгеге дейін;
2 бөлмелі - 8 пәтер, ауданы 54,1-57,6 ш. м., құны 10 368 000 теңгеге дейін.
3 бөлмелі - 4 пәтер, ауданы 67,7-69,7 ш. м., құны 12 546 000 теңгеге дейін
Брондау мерзімі: 28.03.2025 жылғы сағат 10:00-ден 03.04.2025 жылғы сағат 23:00-ге дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
"Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).