Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Іріктеудің басталуы туралы хабарландыру

Іріктеудің басталуы туралы хабарландыру

11 сәуір 2022

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілетін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «БҚО, Орал қаласы, Зашаған ықшам ауданы, 53-белгі, 54-белгі, 55-белгі көп пәтерлі тұрғын үйлер салу (55-белгі)» (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз )», Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенті, Көктем шағын ауданы, Мұрат Мөңкеұлы көшесі, 91/3 үймекен жайы бойынша орналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.

Пәтерлер саны: 72,
Пәтерлер түрі 2, 2­бөлм. : 36 пәтер, ең үлкен  ауданы 63 ш.м.,
Пәтерлер түрі 3, 3­бөлм. : 36 пәтер, ең үлкен  ауданы 84 ш.м.

Іріктеу (кредит төлеу қабілетін бағалау) мерзімі: 20.04.2022 ж. бастап  18.05.2022 ж. дейін.

Тұрғын үй таңдау кезеңі: 20.04.2022 ж. бастап  25.05.2022 ж. дейін.

Тұрғын үйлерді бөлу күні: 26.05.2022 ж.

Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz интернет-ресурсында танысып көруге болады.

Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру