Іріктеудің басталатыны туралы хабарландыру
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іріктеуден (кредит қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: «№47 А көппәтерлі тұрғын үй», объектінің коды 3012, Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы т.а., 47 А үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 200 000 теңге.
Пәтер саны: 5.
Пәтер түрі 1: 2-бөлмелі, 2 пәтер, ең жоғарғы ауданы 68,49 ш.м.
Пәтер түрі 2: 3-бөлмелі, 3 пәтер, ең жоғарғы ауданы 77,44 ш.м.
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 29.09.2023 жылдан бастап 09.10.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 29.09.2023 жылдан бастап 12.10.2023 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 13.10.2023 жыл
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады
Іріктеу мерзімі өткеннен кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.