Іріктеудің басталатыны туралы хабарландыру
Құрметті, салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Бақытты отбасы» бағыты бойынша іріктеуден өту (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қарағайлы тұрғын алабындағы №80 көппәтерлі тұрғын үй», 2518 коды, Абай облысы, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 200 000 теңге.
Пәтер саны: 2.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы ауданы 53,0 ш.м.
Іріктеу (кредит төлеу қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 23.06.2023 ж. бастап 27.06.2023 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 23.06.2023 ж. бастап 29.06.2023 ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 30.06.2023 ж.
Тұрғын үйлерді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажет құжаттар тізбесімен, сондай-ақ, ғимарат қасбетінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz және/немесе Otbasybank.kz. интернет-ресурсынан танысып, көруге болады.
Іріктеуге арналған құжаттарды Банк Іріктеу мерзімі өтіп кеткеннен кейін қабылдамайды.