Іріктеудің басталғандығы туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іріктеуден (кредит қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттігі туралы хабарлайды.
Нысан: "22 жер телім, 2 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй құрылысы", орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы, 22 жер телім, 2 белгі
"Таза" әрлеудегі 1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 160 000 теңге.
Пәтерлер саны: 80
Тұрғын үй түрі 1: 1 бөлмелі, 5 пәтер, максималды ауданы 32,99 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 2: 1 бөлмелі, 25 пәтер, максималды ауданы 39,57 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 3: 2 бөлмелі, 5 пәтер, максималды ауданы 57,97 ш. м.;
Тұрғын үй түрі 4: 3 бөлмелі, 45 пәтер, максималды ауданы 80,12 ш. м.
Іріктеу (кредит қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 2023 жылдың 02 қазанна бастап 18 қазанға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2023 жылдың 02 қазанна бастап 23 қазан аралығында.
Тұрғын үйді бөлу күні: 24 қазан 2023 жыл.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (кредит қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады
Іріктеу мерзімі өткеннен кейін Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.