Іріктеу мерзімін ұзарту туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (АҚ (бұдан әрі – Банк) іріктеу (төлемқабілеттілікті бағалау) мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
Нысан: «Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е34, Е45 және Е18 көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы. (Сыртқы коммуникациялары жоқ және аббаттандырусыз)», нысан коды 1898.
Мекен – жайы: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауд.Е34, Е45 және Е18 көшелерінің қиылысында орналасқан.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: «15» желтоқсан 2021 ж. бастап «28» қантар 2022 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: «15» желтоқсан 2021 ж. бастап «03» ақпан 2022 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: «04» ақпан 2022 ж.
Сіз тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлемқабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің / жеке тұрғын үйлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсынан және / немесе www.baspana.kz сайтынан танысып, көре аласыз.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.