Біліктілігі басталғаны туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде біліктілік (несие қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде екі 40 пәтерлі (А және Б корпусы) тұрғын үйлер салу, нысан коды 2583. Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Аманжолов көшесі,14.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 200 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.
Пәтер түрі 2, 2-бөлм.: 4 пәтер, максималды көлемі 61,05 ш.м.,
Пәтер түрі 3, 2-бөлм.: 5 пәтер, максималды көлемі 80,53 ш.м.,
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 28.12.2022 бастап 05.01.2023 жылға дейін
Тұрғын үй кезеңін таңдау: 28.12.2022 бастап 10.01.2023 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 11.01.2023 жылы.
Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында тұрғын үйдің бөлу тәртібімен танысып, іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен және ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Біліктілік мерзімі өткен жағдайда Банк Біліктілік құжаттарды қабылдамайды.