Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау басталғаны туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау басталғаны туралы

11 сентября 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қосымша байқау басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданы, (8,0 га уч.), №2 айқындама, Контейнерный кварталы мекенжайы бойынша орналасқан 45-пәтерлік тұрғын үй, нысан коды – 1013.
Құрылыс нысаны пайдалануға 2017 жылдың шілде айында берілді
«таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 130 000,00 теңге
Пәтер саны: 5 (бес), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі - 5 пәтер, жалпы ауданы 43,97 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап 19 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 20 қыркүйек 2018 жыл.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсы беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру