Құрметті салымшылар!
АО "Отбасы банк" (бұдан әрі – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул құрусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Қарағайлы» тұрғын алабындағы 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй № 82, ШҚО Семей қаласы, 1653 коды», ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: наурыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.
Пулды құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 28.01.2022 ж. бастап сағат 10:00 - ден 06.02.2022 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Брондау мерзімі: 28.01.2022 ж. бастап сағат 10:00 - ден 06.02.2022 ж. сағат 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын және табылатын Банк салымшыларынан, "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттар бойынша қабылданады:
1. мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 2. көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; 3. толық емес отбасылар.
Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!