2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу», бағыттары бойынша тұрғын үйлердің Пулды құрусыз өткізілетіні туралы хабарландыру
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыттары бойынша Пулды құрусыз тұрғын үйлердің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Ірі панельді 5-қабатты шағын өлшемді № 2 тұрғын үй», Қарағанды облысы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А кварталы, 2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2021 жылдың наурыз айы..
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 125 000 теңге.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 3 пәтер, ең үлкен аумағы – 29,31 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, ең үлкен аумағы – 44,17 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 2 пәтер, ең үлкен аумағы – 57,65 ш.м.,
Пулды құрусыз «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 26.01.2022 ж. бастап 11.02.2022 ж. дейін.
Брондау мерзімі 26.01.2022 ж. 10:00-ден (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) бастап 11.02.2022 ж. 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан қабылданады және кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.