2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру.
Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 40 пәтерлік №1 көппәтерлі тұрғын үй. Нысан коды-2394.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 05.05.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3.
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,10 ш.м.
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 67,76 ш.м.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 15 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 26 желтоқсанына дейін (қоса алғанда).
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 27 желтоқсан 2022 ж.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініштер негізгі тізімнен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) Мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы;
2) Көпбалалы отбасылар;
3) Толық емес отбасы;
Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.