Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру.

14 желтоқсан 2022

Құрметті, салымшы!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысан: "Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан, 40 пәтерлік №1    көппәтерлі тұрғын үй. Нысан коды-2394.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 05.05.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3.

Пәтер саны: 40.
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,10 ш.м.
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 67,76 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 15 желтоқсанынан   бастап 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін (қоса алғанда).

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 22 желтоқсан 2022 ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініштер негізгі тізімнен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) Мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы;

2) Көпбалалы отбасылар;

3) Толық емес отбасы;

Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру