2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Құрметті, салымшы!
"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Шаңырақ" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысандар: "Достық" шағын ауданында 9 қабатты 5 кіреберісті белгі №23 тұрғын үй", Қазақстан, Павлодар қаласы, "Достық" шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 30.06.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 175
Пәтер түрі 1: 40 пәтер, максималды көлемі 38,86 ш.м.
Пәтер түрі 2: 45 пәтер, максималды көлемі 62,77 ш.м.
Пәтер түрі 3: 45 пәтер, максималды көлемі 80,78 ш.м.
Пәтер түрі 2: 45 пәтер, максималды көлемі 81,20 ш.м.
Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 18.09.2023 бастап 04.10.2023 жылға дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 05.10.2023 ж.
ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 2022 жылғы негізгі тізімнің басымдығын ескере отырып, Банк салымшыларынан өтініштер қабылданады:
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 100 000 теңге жинағы болуы тиіс.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.