2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына " Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Құрметті, салымшы!
"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысандар: «Павлодар облысы Ақсу қаласының Дөнентаев көшесі, 46 мекенжайында көппәтерлі тұрғын үй салу», Қазақстан, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесінде мекенжайы бойынша орналасқан
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 28.04.2023 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 81
Пәтер түрі 1: 27 пәтер, максималды көлемі 101,8 ш.м.
Пәтер түрі 2: 27 пәтер, максималды көлемі 91,2 ш.м.
Пәтер түрі 3: 27 пәтер, максималды көлемі 86,7 ш.м.
Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 17.04.2023 ж. бастап 16.05.2023 жылға дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 17.05.2023 ж.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады, сондай-ақ негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшылары келесі санаттар бойынша өтініш бере алады:
1) мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы;
2) көпбалалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар;
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 50 000 теңге жинағы болуы тиіс.
Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Оtbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.