Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық Даму Бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін іске асыру» бағыты бойынша екінші қосымша конкурс туралы хабарландыру
Нысан: «БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округі, Тұқпай ауылындағы Орал-Ақсай тас жолы бойындағы «Жиырма 6 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы» (абаттандырусыз және сыртқы желілерсіз)", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылдық округі, Тұкпай ауылы, Жарқын шағын ауданы.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: Аяқталды
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 160 000 теңге, «таза» әрлеуде.
Тұрғын үй бірлігінің саны: 44.
Пәтер түрі 3, 3 бөлмелі пәтер, ең үлкен ауданы 104,2 ш. м.
«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 15.12.2022 жылдан 28.12.2022 жылға дейін.
Ұпайларды есептеу күні (кандидаттарды іріктеу): 29.12.2022ж.
Өтініштер ЖАО кезекте тұрмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініш беру Otbasybank.kz Банктің интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Пулға қатысуға өтініш беру үшін, өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 5% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушіде таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде қарыз беру мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға бөлу шарттарын/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz. Банктің интернет-ресурсынан көруге болады және / немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» порталында.
Өтініш берілген күн мен уақыт берілген баллдардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!