Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«ЖАО әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыруы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қосымша байқау басталғаны туралы хабарландыру.

«ЖАО әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыруы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қосымша байқау басталғаны туралы хабарландыру.

9 наурыз 2023

Құрметті салымшылар!

«Oтбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыруы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қосымша №1 байқау басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй №1», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парфирьев көшесі 60 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге «таза» әрлеудегі.

Пәтер саны: 7,

Пәтер түрі: 2-­бөлмелі: 4 пәтер, максималды көлемі 59,53 ш.м;

Пәтер түрі: 3­-бөлмелі: 3 пәтер, максималды көлемі 71,74 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 14.03.2023 бастап 27.03.2023 ж. дейін.

Баллдарды санау күні (Үміткерлерді іріктеу): 28.03.2023 ж.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты Отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ­ресурсында беруге болады.

Өтінішті берген күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушінің кезектілігіне әсер етпейді.

(Пуллға қатысуға өтінім, егер өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылысының жинақталған сомасы болса.)

Өтініш берушіге қарыз беру үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% - ы мөлшерінде, "Шанырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жинақ шотында болған кезде мүмкін болады.

Сіз Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан және/немесе https://hcsbk.kz/ru/# «Қолжетімді баспана» бөлімі, өтініш берушілерге қойылатын талаптар, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің жоспары туралы көбірек біле аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­ орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру