«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініштердің қабылдануы туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініштердің қабылдана бастағаны туралы хабарлайды.
Объект: «Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сарыарқа шағынауданы, 7/4 үй орналасқан 158 пәтерлі тұрғын үй, «Алтындала-2» ТҮК», Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сарыарқа шағынауданы, 7/4 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.
Тапсырыс берушінің атауы: «К.Г.С. САудА» ЖШС.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 17.01.2023 жыл.
Тұрғын үйдің (Объектідегі үлестің) 1 ш.м. құны: 255 000 теңге өрескел әрлеуде.
Жайлылық класы: 4.
Пәтерлер саны (Объектідегі үлестердің): 49, оның ішінде:
1 пәтер түрі, 1 бөлмелі.: 1 пәтер;
2 пәтер түрі, 1 бөлмелі.: 1 пәтер;
4 пәтер түрі, 2 бөлмелі.: 3 пәтер;
5 пәтер түрі, 2 бөлмелі.: 3 пәтер;
7 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 6 пәтер;
8 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 8 пәтер;
9 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 6 пәтер;
10 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 6 пәтер;
11 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 4 пәтер;
12 пәтер түрі, 3 бөлмелі.: 8 пәтер;
13 пәтер түрі, 4 бөлмелі.: 3 пәтер.
«Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 23 мамырдан бастап 2023 жылғы 29 мамырға дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 2023 жылғы 30 мамыр.
Сараптау мерзімі (төлем қабілеттілікті бағалаудың) : 2023 жылғы 01 маусымнан бастап 2023 жылғы 08 маусымға дейін.
Сараптау орны: Көкшетау қ., Рақымжан Қошқарбаев к-сі, 51 үй.
«Өз үйі» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақтары шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақтары болуы тиіс.
Аралық несие алуға өтініш беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының (объектідегі үлестің) кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады, сондай-ақ есептік көрсеткіштің ең аз мәні 2,5 кем емес мөлшерде болуы қажет.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру арқылы банк салымшылары, оның ішінде банк салымшыларына объектідегі пәтерлерді (объектідегі үлестерді) сату үшін объектіні келісуге қатысады. Егер өтініштерді қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес кандидаттардың/резервшілердің /білікті кандидаттардың қажетті санының жетіспеуі байқалса, онда Объект келісілмеген болып есептеледі және Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Пулға қатысуға өтінішті baspana.kz Банктің интернет-ресурсында тек Банк салымшылары береді. Өтініш берілген күн мен уақыт берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Банктің www.hcsbkz.kz және / немесе baspana.kz интернет-ресурстарында тұрғын үйді бөлу тәртібімен, біліктілікке арналған құжаттар тізбесімен (төлем қабілеттілігін бағалау) танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын көруге болады.