Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өз үйім» бағдарламасы аясында пәтерлерді тікелей сатылым арқылы жүзеге асыру бойынша хабарлама!

«Өз үйім» бағдарламасы аясында пәтерлерді тікелей сатылым арқылы жүзеге асыру бойынша хабарлама!

24 апреля 2024

Құрметті салымшылар!

Нысан: "БҚО, Орал қаласы, кемеңгер көшесі, 49 құрылыс (1,2 корпус) мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысына ЖСҚ әзірлеу)", БҚО, Орал қаласы, Кеменгер көшесі, 49-үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Объект коды: 3350

Тапсырыс беруші: "ХимМашСтрой-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыстың аяқталған мерзімі: 27.10.2022ж.

Орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Кеменгер көшесі, 49-үй.

Тұрғын үйдің алдын ала әрлеу күйінде 1 шаршы метрге құны: 230 000 – 240 000 теңге.

Жайлылық классы: 3

Пәтер саны: 6 (алты), соның ішінде:

№14 – 83,2 м2 – 5 қабат 1 кіреберіс (2 бөлмелі), құны – 19 136 000 тг.

№28 – 106,0 м2 - 5 қабат 2 кіреберіс (3 бөлмелі), құны – 24 380 000 тг.

№62 – 82,8 м2 – 1 қабат 5 кіреберіс (2 бөлмелі), құны – 19 872 000 тг.

№71 – 83,2 м2 – 4 қабат 5 кіреберіс (2 бөлмелі), құны – 19 968 000 тг.

№89 – 83,0 м2 - 5 қабат 6 кіреберіс (2 бөлмелі), құны – 19 090 000 тг.

№90 – 79,2 м2 – 5 қабат 6 кіреберіс (2 бөлмелі), құны – 18 216 000 тг.

Пәтерге қол жеткізудің 5 басты қадамы:

  • Банкте жинақтау шотын ашып, бос пәтерді брондау туралы өтінішті беріп үлгеру!
  • Банкке құжаттарды өткізіп үлгеру!
  • Банктен қарыз алу туралы оң шешімін алу!
  • Пәтерді сатып алу шартын жасап, несиені алу!
  • Енді пәтеріңіз сіздікі!

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!!!

Тікелей сатылымға өтініштер қабылдау мерзімі:

2024 жылдың 26-шы сәуір сағ. 10.00-ден 2024 жылдың 10-шы мамыр сағ. 19:00-ге дейін.

"Өз үйім" бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылысы жинақтарының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақтары болуы тиіс.

Аралық қарыз алуға өтініш беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының (объектідегі үлестің) кемінде 50% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Несие бойынша пайызы - 3,5% бастап.

Жылдык тиімді пайыздық мөлшерлеме - 3,6% бастап.

Аралық қарыз алуға бағалау көрсеткіші 5-тен кем емес.

Бір пәтерге өтінімдердің шексіз саны.

"Өз үйім" бағдарламасы бойынша пәтерге бронь күні мен уақыты бойынша бірінші өтінім берген клиентке бекітіледі.

Клиенттің жеке кабинетінде клиенттің кезектілігі туралы ақпарат көрсетіледі.

Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.

Өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Otbasybank.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру