«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағытына қатысуға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Нысан: "Ақмола облысының Көкшетау қаласында ауданы 38,6 га учаскеде 5 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз", мекен-жайы бойынша орналасқан:
1) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 21а үй.
2) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 21б үй.
3) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 21в үй.
4) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 22 үй.
5) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 22/1 үй.
[нысанды пайдалануға беру күні: 26.02.2024 жыл.]
"Таза" 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: "таза" әрлеуде 232 808 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 168 пәтер (жүз алпыс сегіз),
1) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 21а үй нысаны бойынша.
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 15 пәтер, максималды ауданы 56,4 ш. м., құны 13 130 371,2 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 6 пәтер, максималды ауданы 71,7 ш. м., құны 16 692 333,6 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 9 пәтер, максималды ауданы 81,9 ш. м., құны 19 066 975,2 теңгеге дейін;
2) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 21б үй нысан бойынша.
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 16 пәтер, максималды ауданы 57,1 ш. м., құны 13 293 336,8 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 10 пәтер, максималды ауданы 72,3 ш. м., құны 16 832 018,4 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 8 пәтер, максималды ауданы 82,6 ш. м., құны 19 229 940,8 теңгеге дейін;
3) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағынауданы, 21в үй нысан бойынша.
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 17 пәтер, максималды ауданы 56,6 ш. м., құны 13 176 932,8 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 12 пәтер, максималды ауданы 72,1 ш. м., құны 16 785 456,8 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 6 пәтер, максималды ауданы 81,5 ш. м., құны 18 973 852,0 теңгеге дейін;
4) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 22 үй нысан бойынша.
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 11 пәтер, максималды ауданы 56,2 ш. м., құны 13 083 809,6 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 8 пәтер, максималды ауданы 71,7 ш. м., құны 16 692 333,6 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 8 пәтер, максималды ауданы 81,3 ш. м., құны 18 927 290,4 теңгеге дейін;
5) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 22/1 үй нысан бойынша.
Тұрғын үй түрі 1 бөлмелі пәтер: 23 пәтер, максималды ауданы 57,0 ш. м., құны 13 270 056,0 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 2 бөлмелі пәтер: 9 пәтер, максималды ауданы 71,9 ш. м., құны 16 738 895,2 теңгеге дейін;
Тұрғын үй түрі 3 бөлмелі пәтер: 10 пәтер, максималды ауданы 82,1 ш. м., құны 19 113 536,8 теңгеге дейін;
Брондау мерзімі: 28.05.2024 жылғы сағат 10:00-ден 03.06.2024 жылғы сағат 23:00-ге дейін.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде - қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
"Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді:
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Бұл ретте мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардан алу тілектерін ескере отырып, басқа санаттағы кезекте тұрғандар алдында басымдық белгіленеді.
Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!