Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты

Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты

  • Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

    Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.
    Әрі қарай оқу
  • 2021 жылдың 16 желтоқсанында қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банк депозиттеріне аудара алады

    Биылғы жылы қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттеріне аударып үлгереді. Бұл тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдану ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін мүмкін болып отыр. Бұл алдағы аптада іске асады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Отбасы Банк 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру» батырмасы жұмыс істеуі үшін www.enpf-otbasy.kz порталын пысықтауда.
    Әрі қарай оқу
  • Соңғы үш күнде БЗТ қолдануға enpf-otbasy.кz платформасы арқылы 46 мың өтініш жолданды

    Бүгінгі күні enpf-otbasy.кz платформасының 43 744 қолданушысы өз өтініштері бойынша БЖЗҚ-нан Отбасы банктегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арнайы шоттарына жалпы көлемі 242 млрд теңге қаражаттың түсуін тосып отыр. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш.      
    Әрі қарай оқу
  • Шымкенттік құрылыс салушылар пәтер алуды көздеген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасайды

    Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Шымкенттің құрылыс компанияларынан қомақты бонус ала алады. Қала тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылып отырған шара құрылыс компанияларын, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімшілік қызметкерлерін бір ортаға жинамақ. Жәрмеңкеге келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, Отбасы Банк кеңесшілерінен несие төлемдерін есептетіп, алдын ала мақұлдау құжаттарына қол жеткізе алады. Егер бұл шешім оң болса, құрылыс салушы әлеуетті сатып алушыға болашақ пәтеріне 3 млн теңгеге дейін жеңілдік беруге дайын.
    Әрі қарай оқу
  • Алматы облысында күн сайын Отбасы Банкінің 10 салымшысы қоныс тойын тойлайды

    Осы айда облыста 3,1 млрд теңгеге 240 несие берілді. Алдағы уақытта баспаналы боламын деп облыстың тағы 1 323 тұрғыны жалпы көлемі 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жаңа депозиттер ашты. Алматы облысының тұрғындарының арасында Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа қызметі – онлайн-ипотеканы бағалап үлгергендер де бар. Оның көмегімен облыстың үш тұрғыны Талдықорған қаласынан және Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылынан пәтерлер алды. Бұл туралы банк филиалының директоры Қаскелең қаласындағы жаңа бөлімшенің ашылуы барысында айтты.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру