«ЖАО-да кезекте тұрғандар ретіндегі аз қамтылған отбасыларға кредит беру» бағыты бойынша (Бақытты отбасы) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғаны тура
Құрметті клиенттер!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) үміткерлердің негізгі тізіміне сәйкес «ЖАО-да кезекте тұрғандар ретіндегі аз қамтылған отбасыларға кредит беру» бағыты бойынша (Бақытты отбасы) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 12 сәуірінен 2021 жылдың 26 мамырына дейн.
Өтініштер сәйкес санаттары тағайындалған тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан (бұдан әрі - ЖАО-да кезекте тұрғандар) ғана қабылданады.
Негізгі тізім бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін Банкте Бағдарлама аясында кредит беруге арналған қаражат бар болған жағдайда, сондай-ақ негізгі тізімнен қатысуға өтініштер жойылған жағдайда, резервтік тізімдегі ЖАО-да кезекте тұрғандар бағдарламаға қатысуға шақырылуы мүмкін.
Бағдарламаға қатысудың 6 қадамы:
1-қадам: Банктің www.hcsbk.kz сайтында электрондық өтініш беру;
2-қадам: Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні, егер Сіз берген өтініш үміткерлердің негізгі тізіміне кіретін болса, іріктеуге шақыру үшін Банктен қоңырау күту.
3-қадам: Белгіленген күні және уақытта төлемқабілеттілігін бағалауға қажетті құжаттар пакетімен Банк бөлімшесіне келу;
4-қадам: Қарызды мақұлдау туралы Банктің оң шешімін алу;
5-қадам: Банктің талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйді табу немесе банктің жылжымайтын мүлік порталында тұрғын үйді брондау және жылжымайтын мүлікті бағалау;
6-қадам: Банктен қарыз алу!
Өтініш берушіде қарыз сомасының кемінде 10% - ы мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылысы жинақтары болған кезде, қарыз берілуі мүмкін.
ЖАО-да кезекте тұрғандар ретінде есепке қою күнін сіз egov.kz сайтында немесе өзіңіздің аймағыңыздағы жергілікті атқарушы органда тексере аласыз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (мобильді телефоннан тегін) Банктің байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.