Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 1 шаршы метрі 120 000 теңгені құрайтын коттедж сатып ала алады
7 ақпан 2018
Нысандар Ақтөбе қаласында, «Нұр Ақтөбе» атты жаңа ықшам ауданда орналасқан. Барлығы 194 үй пайдалануға берілді, олардың 114-і сатылуға дайын.

Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» атты пилоттық бағытының аясында салынды. Коттедждердің ауданы 114-152 шаршы метр аралығында. Барлық үйлер екі қабаттан тұрады, құрылыс барысында экологиялық блоктар пайдаланылған. Яғни қыста жылы, жайлы, ал жазда салқын болады.
Мұндай коттеджді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген заем ала алады. Несие алудың басты шарты – ҚТҚЖБ депозитінде үй бағасының кем дегенде 30%-на тең қаражат жинау. Сонымен қатар баспаналы боламын деушілер жергілікті әкімдікте жер учаскесін алу үшін кезекте тұрулары қажет. Бұл жағдайда олар 10 сотық жерге тегін қол жеткізеді, яғни коттедждің өзін ғана сатып алу керек.

Қосымша ақпаратты келесі нөмірлерге хабарласып, біле аласыз: 300 (ұялы телефоннан тегін), 8 707 460 00 08, 8 771 521 10 24. Немесе Ақтөбе облысындағы ҚТҚЖБ бөлімшесіне хабарласуға болады.