Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері жаңажылдық корпоративті... мұз айдынында өткізді
Сенбі, 22 желтоқсанның таңында Медеу биік таулы мұз айдынындағы қонақтардың басым бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметкерлері мен олардың отбасылары құрады.
Банк ұжымы дәстүрлі қымбат отырыстан бас тартып, таза ауадағы белсенді демалысты таңдап, келе жатқан 2019 жылдың құрметіне арналған мерекелік шараны дәл осылай өткізуге шешім қабылдады.
«Мұндай корпоратив біздің банктің идеологиясына толықтай сай келеді, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. – Өмірімізді жақсартамыз, өзіміздің, балаларымыздың тұрақты болашағын қамтамасыз етіп, кең әрі әдемі үйлер мен пәтерлердің иесі атанамыз десек, құндылықтар жүйесін өзгерту керек деп әрдайым айтып отырамыз. Қоғамда қазір белең алып тұрған бірмезеттік тұтынушылық идеологияға қарсылық ретінде ұзақмерзімді жинақ мәдениетін қалыптастырып, дамыту қажет. Сондықтан осыған өзіміз үлгі болып, артық шығынсыз-ақ мереке атап өтіп, көңіл көтеруге болатынын дәлелдейік деп шешім қабылдадық».
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мейрамына тек қызметкерлер ғана емес, осы күні Медеуге коньки тебуге келген Алматы тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Жиналған меймандар үшін мұз айдынында ««Medeo band» музыка тобы өнер көрсетті, сондай-ақ қызықты байқаулар ұйымдастырылды. Шара соңында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Аяз Атасы» атты әсерлі флешмоб ұйымдастырылды.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – қасаң мемлекеттік құрылым деген ойды өзгерткіміз келеді, - дейді Ләззат Ибрагимова. – 2018 жыл бойы біз клиенттермен және жалпы қоғаммен диалог жүргізудің жаңа әрі ерекше формаларын құру бойынша жұмыс жүргіздік».
Көктемде банктің жыл сайын өтетін «Жасыл мекен» акциясы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарды ауласы көгалдандыруды қажет ететін тұрғын үй кешендеріне дауыс беруге шақырған болатын. Соның нәтижесінде банк есебінен 1000-нан астам көшет отырғызылды. Дауыс беруге 25 мыңнан астам адам қатысты. Тамыз айында банк батыл қадам жасап, клиенттерге арналған смс-хабарламаларды жаңа, әзіл форматында таратты. Жыл басынан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлерді оқытудың ойын түріндегі әдістерін сәтті қолданып келеді. Бұл еңбектің нәтижесі ретінде банк «Қазақстан» номинациясында «Орталық Азияның HR-бренді» атты беделді жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек жақында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кеңесшілер желісінің қатарына белсенді және талапты адамдар тартуды мақсат еткен «Орындалатын миссия!» республикалық онлайн-ойыны аяқталды. Аталған жоба да үлкен резонанс туғызды, оған бүкіл ел бойынша 2000-нан астам адам қатысты, ал әлеуметтік желілердегі ойын бойынша көрсетілім саны миллионнан асты.
Мереке соңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылары ел тұрғындарын келе жатқан 2019 жылмен құттықтап, әр адамға жаңа жылда пәтер мәселесін шешіп, қоныс той тойлауды тіледі.