Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Хрусталь гарнитурасы 2020» халықаралық байқауының бірден екі номинациясы бойынша финалист атанды
17 сәуір 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Хрусталь гарнитурасы 2020» халықаралық байқауының бірден екі номинациясы бойынша финалист атанды
Бүгінде ол байланыс-орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету саласындағы аса абыройлы әрі беделді жүлде болып саналады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Ең үздік білім беру бағдарламасы» мен «Cырттай өзара байланыс орнатудың ең үздік тобы» номинациялары бойынша финалистер дипломына ие болды. Әділ қазылар алқасының қарауына Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінен 100 байланыс-орталығының жобалары ұсынылды. 3,5 ай ішінде олар ұсынылған әрбір жұмыспен жеке-жеке танысты. Нәтижесінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ispring ерекше білім беру жобасы үшін үздік танылды.
Бұл - банк қызметкерлерінің ешбір сыртқы ресурстарсыз байланыс-орталық операторларына арнап өздері дайындаған электрондық оқу курстары. Қашықтан білім беру қысқа уақыт ішінде операторлардың деңгейін айтарлықтай арттыруға септігін тигізіп, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға жол ашты. Бүгінгі таңда олар 90% жағдайда операторлардың берген жауаптарын «Өте жақсы» деп бағалайды.
Сонымен қатар, сыртқы ортамен өзара байланыс орнату аясында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Банк өз клиенттерінің әрқайсысы туралы жақсы біледі. Операторлар банкке хабарласқан әрбір азаматқа жеке-жеке кеңес беріп, оның жинаған қаражаты мен қаржылық мүмкіндігіне сәйкес тиісті банк өнімдерін ұсынады. Мәселен, соңғы үш ай ішінде байланыс-орталығының қызметкерлері осындай 24 000 клиенттің мәліметтерін топтастырып, олардың 9 000-на депозит ашуға көмектерін берді.