Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шамамен 4 000 қазақстандық әйелді қолжетімді займдармен қамтамасыз етеді
19 қараша 2019
Қазақстанда тұрғын үйді қаржыландыру саласында гендерлік тепе-теңдікті нығайту жөніндегі жоба іске қосылады. Осы мақсатта Азия даму банкі (АДБ) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 38 млрд теңге көлемінде займ бөледі (100 млн АҚШ доллары).
Жуырда АДБ Орталық және Батыс Азия елдері бойынша бас директоры Вернер Липах пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тиісті келісімшартқа қол қойды.
-Қазақстанда 9,1 миллион әйел тұрады. Олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған және оның жартысы отбасын өздері асырауда. Әйелдер бұрынғысынша еркектерге қарағанда жалақыны үш есе аз алады. Табыс деңгейінің төмендігіне байланысты еркектермен салыстырғанда олардың үй алуға қажетті қолжетімді займды алуы қиынырақ. Сондықтан, біз АДБ-мен бірлесіп қазақстандық әйелдерге қолдау көрсетуді шештік. Олар үшін тұрғын үйді несиелендірудің қолжетімділігін арттырып, алғаш рет Азияда осындай гендерлік жобаны іске қосудамыз, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
Әйелдер үшін займ жаңа және қолданыстағы үйлерден пәтер сатып алу мақсатында беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 30 млн.теңгені құрайды. Оны алу үшін 200 мыңнан төмен табысы бар әйелдер бастапқы жарна ретінде кемінде 15%-ды, ал табысы 200 мыңнан жоғары болса 20%-ды жинауы тиіс.
Статистикаға сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 60 000-нан астам салымшысы әйелдер. Олардың 64%-ы Нұр-Сұлтан және Алматы секілді еліміздің екі ірі қаласынан тыс аймақтарда тұрады. Сондықтан, жаңа гендерлік бағдарламаның 60%-ы өңірлер мен ауылдық аймақтарда тұратын әйелдерді қамтитын болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінген займға қосымша, АДБ қаржылық инклюзивтілік пен кедейшілікті төмендетуге ерекше көңіл аудара отырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан Қазақстандағы төмен және орта деңгейлі табысы бар әйелдер қауымын қамтуды, оның сапасын және операциялық мүмкіндіктерді күшейту мақсатында 620 000 АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек ретінде грант ұсынатын болады.