Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін бізд қызметімізді жақсартамыз!
Құрметті клиенттер!
Біз клиенттерімізге барынша ыңғайлы болу үшін және қызмет көрсету сервистерімізді жақсарту бағытында үнемі жұмыс жасаймыз, сол себепті 2021 жылдың 1 - шілдесінен бастап ипотекалық несиелерді ішінара мерзімінен бұрын өтеу үшін банкке бармай, яғни толықтай онлайн форматқа ауыстырылып, www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкингінде немесе Otbasy bank (ЖССБ 24) мобильді қосымшасы арқылы орындалады.
Ішінара мерзімінен бұрын онлайн өтеудің 8 қадамы:
1. Отбасы Банкінің www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкингте немесе Otbasy bank мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз;⠀
2. Ішінара мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін несиені таңдаңыз:
- егер Otbasy bank мобильді қосымшасы пайдаланылса, онда алдын ала "операциялар" бөлімінде "несиелер" (заемдар) пернесін басып, "ішінара мерзімінен бұрын өтеу" – ді таңдаңыз.
- егер www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкинг пайдаланылса, онда қажет несиені таңдайсыз, одан кейін қолжетімді операциялар бөлімінде "ішінара мерзімінен бұрын өтеу" пернесін басыңыз.⠀
3. Қолжетімді шотты таңдаңыз және өтеу сомасын көрсетіңіз.
БЗТ арқылы өтеу жасаған кезде өтінішті көрсетіңіз;
Әскери қызметшілердің арнайы шоттары және ағымдағы шоттар үшін – негізгі қарыз өтеу сомасы 50 000 теңгеден кем болмауы тиіс, БЗТ шоты үшін - 0 теңге;
4. Өтеу сомасын бөлу есебімен танысыңыз;
5. Ішінара мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтінішпен танысыңыз;
6. Телефонға жіберілген бір реттік SMS кодты енгізіп, «Әрі қарай» пернесін басыңыз;
7. Жаңартылған өтеу кестесімен танысыңыз;
8. Смс-код арқылы өтеудің жаңартылған кестесіне қол қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ішінара мерзімінен бұрын өтеу келесі жағдайларда Онлайн жасалмайды:
∙ Банкпен ерекше байланысы бар тұлғалардың несиелері;
∙ Төлемді кейінге шегерілген несиелер;
∙ Заемшылары бар несиелер;
∙ Қарыздың мақсатты пайдаланылуы расталмаған және қарыздың 90% - дан астам бөлігі өтелген несиелер;
∙ "Жеңіл 2" бағдарламасы бойынша берілген несиелер.
Бұл несие түрлері банк бөлімшесінде ғана ішінара мерзімінен бұрын өтеледі.
❗ Есте ұстау керек:
Несиені толық өтеу тек Банк бөлімшесінде ғана жүзеге асырылады.
Құрметпен, Сіздің Отбасы Банк.