Отбасылық бюджетті «Отбасы банкімен» бірге үнемдейміз!
Құрметті клиенттер!
2021 жылдың 6 ақпанында арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдері түскен «Отбасы Банк» заемшылары 5 ақпан 2021 ж. мерзімімен несиелерін ішінара мерзімінен бұрын және толық өтеуге мүмкіндік алатынын қуана хабарлаймыз.
Сіздерді Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы барлық банк бөлімшелерінде:
- сенбі, 6 ақпан - 9:00-ден 21:00-ге дейін күтеміз
3 маңызды қадам:
1-қадам
Банк бөлімшесіне бармастан бұрын, www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасындағы жеке кабинетіңізге кіріп, өзіңіздің өтінішіңіздегі «Банкті таңдау» бөліміндегі тізімнен «Отбасы Банкін» таңдап, «Өтінім жолдау» батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ, олар банктің мәліметтер базасында бар.
2-қадам
https://hcsbk.kz/contacts/ сайтында банк бөлімшесміне келу уақытын брондап қойыңыз. Брондау кезінде «Посткредит» мақсатын таңдап, әрі қарай «Кредитті өтеу (жартылай/толық)» операциясын таңдау керек
3-қадам
Егер сіздің заемшыласыңыз болса, оны шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені ол жаңа өтеу кестесіне қол қою керек.
Сақтық шараларын сақтаңыз: қорғаныс маскаларын тағып келіңіз, қажетті ара қашықтықты сақтаңыз және барлық бөлімшелерімізде бар зарарсыздандыру құралдарын қолданыңыз.