«Отбасы банкінің» 4 мыңнан астам борышкері біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен займдарын мерзімінен бұрын өтей алады
Баспасөз мәлімдемесі
2021 жылдың 6 ақпанында арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін алған «Отбасы Банкінің» борышкерлері, 2021 жылдың 5 ақпан мерзімімен несиелерін ішінара және толық өтеуге мүмкіндік алады. Қарыздарды өтеуге арналған қаражат Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы тұрғындарының арнайы шоттарына түскен.
«Отбасы банкінің» Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы барлық бөлімшелері 6 ақпан сенбі күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Займ өтеуге бағытталған 3 қадам:
1-қадам
Банк бөлімшесіне бармастан бұрын, www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасындағы жеке кабинетіңізге кіріп, өз өтінішіңіздегі «Банкті таңдау» бөліміндегі тізімнен «Отбасы Банкін» таңдап, «Өтінім жолдау» батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ, олар банктің мәліметтер базасында бар.
2-қадам
https://hcsbk.kz/contacts/ сайтында банк бөлімшесіне келу уақытын брондап қойыңыз. Брондау кезінде «Посткредит» мақсатын таңдап, әрі қарай «Кредитті өтеу (жартылай/толық)» операциясын таңдау керек.
3-қадам
Егер сіздің заемшыласыңыз болса, оны шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені ол жаңадан құрылатын өтеу кестесіне қол қоюы тиіс.
Банк бөлімшесіне баратын барлық тұрғындарымызды сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қорғаныс маскаларын тағып, қажетті ара қашықтықты сақтап, барлық бөлімшелерімізде орнатылған зарарсыздандыру құралдарын қолдану қажет.
«Клиенттер өздерінің қарыз ауыртпалығын тез арада төмендеткісі келеді. Сондықтан олар үшін сенбі демалыс күні төлем жасаған ыңғайлы әрі тиімді болады», - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Қосымша ақпарат 300 нөмірі бойынша