Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «Тұрақты» болжамымен «ВВВ-» деңгейінде растады
14 сәуір 2020
2020 жылдың 20 наурызында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі эмитент дефолтінің ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұзақ мерзімді рейтингін растау агенттіктің қажет болған жағдайда мемлекеттің қолдау көрсетуге дайын екендігі туралы пікірін білдіреді. Өйткені Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыруда және жалпы Қазақстанның ипотекалық нарығында маңызды рөл атқарады. Бұған қоса, Fitch Ratings агенттігінің пікірінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз активтері сапасының тұрақтылығы мен мықты капитал қорының, сондай-ақ, ыңғайлы өтімділік резервінің нәтижесінде орта мерзімді болашақта қолдауды қажет етпеуі мүмкін.