Баспасөз-релизі: Осы жылы Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 100 салымшысы баспанамен қамтамасыз етіледі
16 маусым 2017
Баспасөз хабарламасы
Алматы қ. 14.06.17ж.
Осы жылы Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 100 салымшысы баспанамен қамтамасыз етіледі
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дауыс беру өткізді, 1 800 салымшы 496 пәтерге өтінім берді.Пул құрылды. Тұрғын үйдің таза әрлеудегі 1 ш.м. бағасы – 220 000 теңге. Бағдарламаның ерекшелігі - банк клиенттері үшін тұрғын үй бағасының небәрі 30% құрайтын төмендетілген бастапқы жарна болып табылады.Сонымен қатар, қатысушыларға тіркелу міндеттілігіне және жылжымайтын мүліктің болуына қатысты талаптар қойылмайды. Жақын уақытта келесі 7 үйдің құрылысы басталады. Сол себепті, қазір ең бастысы ақша жинақтау ,-деді Диас Рахымхан.
Жаңа тұрғын үйлердегі ауданы 44 ш.м. құрайтын бір бөлмелі пәтердің бағасы 9 680 000 теңге тұратындығын да айтты, тиісінше бастапқы жарна 2 904 000 теңгені құрайтын болады.
Сондай-ақ, жақын уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында дауыс беру басталады. Яғни, дауыс беретін үйлер: 1 ш.м. үшін баға 160 000 теңгені құрайтын «Саялы» ықшам ауданындағы 422 пәтерлі 13 үй және 1ш.м. бағасы 177 500 теңге болатын «Жас Қанат» тұрғын үй кешеніндегі 228 пәтерлі 4 үй.
Дауыс беру басталатын күн туралы және қатысушыларға қойылатын талаптар жөнінде Банктің интернет-ресурсындағы жаңалықтардан оқи жүріңіздер.
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы жалғыз банк.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (і/н: 00344/00544/00271),
pr@hcsbk.kz